• Новости
  • Jas Nomad. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарының офлайн сессиясы басталды
12.02.2024
Jas Nomad

Jas Nomad. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарының офлайн сессиясы басталды

Барыс-Аренада бастапқы даярлық кезеңінің (7-9 жас) жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстарының екінші кезеңі басталды. Оқыту «Jas Nomad» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын енгізу шеңберінде өтуде. Бұған дейін Қазақстанның хоккей мектептерінен 53 жаттықтырушы онлайн-оқытудан өтті, енді мамандар Астанада тәжірибелік сабақтар мен аттестаттаудан өту үшін жиналды. Офлайн дәрістерден басқа, жаттықтырушылар қауіпсіздік, алғашқы медициналық көмек, мұзда және залда жаттығу бойынша курстарынан өтеді.

Курстар 16 ақпанға дейін жалғасады.

Бұған дейін қараша айында спорттық-сауықтыру кезеңінде (5-7 жыл) жұмыс істейтін ҚР барлық хоккей мектептерінің жаттықтырушылары мен мамандары үшін біліктілікті арттыру және аттестаттау курстарының бірінші легі өтті.

JAS NOMAD – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Бағдарламада қазіргі заманғы жетекші хоккей державалары мен ИИХФ-ның кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибе мен тәсілдер жинақталып, заманауи жағдайларға және жергілікті менталитетке бейімделген.